Техниканы жасап шығару кезіндегі Тойота жоғары стандарттары

Техниканы жасап шығару кезіндегі Тойота жоғары стандарттары

Тойота техникасын жасап шығару өндірісінің ажырамас бөлігі Тойота компаниясының өндіріс жүйесі (Toyota Production System) болып табылады. Қазіргі таңда бұл жүйе жаһандық автомобиль өнеркәсібінде және өзге өндіріс салаларында үздік саналады. 
Тойота компаниясының өндіріс жүйесі (TPS жүйесі) өндірістік команданың әрбір қатысушысының табиғи, адами әрі корпоративтік ресурстарды пайдалану процесін тұрақты түрде жақсарту және мұндай ресурстардың тиімсіз пайдаланылуын болдырмау арқылы сапаны жақсартуына мүмкіндік береді. TPS жүйесі Тойота компаниясының барлық ұйымдастырушылық қырларына, соның ішінде құндылықтар жиынтығына, білім мен процедураларға әсер етеді. Өндірістік команданың кез келген қатысушысының әр өндіріс кезеңінде нақты анықталған өкілеттіктері мен міндеттері бар, осылайша жалпы өндірісті оңтайландыруға талпыныс жолға қойылған.

Тойота компаниясының өндіріс жүйесі ұсынады:
  • Сапаны тұрақты жақсартудың арқасында қол жеткізілген Tойота өнімінің жоғары сапасы
  • Инвестициялар сомасының жоғары қайтарымдылығының арқасында төменгі шығындар мөлшері мейлінше минимализацияланған;
  • Тапсырыстар уақытында орындалады және тапсырыстарды орындаудың минималды уақыты стандарттарға сәйкес келеді, бұл клиенттердің өз операцияларын сәтті жоспарлап, орындауларына мүмкіндік береді;
  • Құралдарды жасап шығарудан оның қызмет ету мерзімі аяқталғанға дейін  экологиялық мәселелердің ұтымды шешілуі Тойота мен оның клиенттері үшін ортақ артықшылық саналады;
  • Жоғары қауіпсіздік деңгейі Тойотаның өз қызметкерлеріне, сондай-ақ өз клиенттеріне ұсынған тұрақты күтімінің бір түрі.
Қазіргі таңда көптеген ірі компаниялар тек өндіріс барысында ғана емес, жобалау және қызметтерді көрсету кезінде де Тойота компаниясының өндіріс жүйесін қолданады.

Тойота жүйесі біз ұсынатын тиегіш техника сапасының жоғары стандарттарын дәлелдеп, өнімділік тұрғысынан тұрақты нәтижелерге қол жеткізуге жағдай жасайды.