3,5 - 5 тонна

Газ-бензинді қозғалтқышпен жабдықталған 8-сериялы Toyota ашалы тиегіштерінің жүк көтергіштігі  3,5 тоннадан 5 тоннаға дейін, көтеру биіктігі 7 метрге дейін жетеді. Мұндай автотиегіштермен үй-жайлардың ішіндегі немесе ауладағы салмағы орташа және ауыр жүктерді оңайлықпен қаттауға болады. Орнатылған жаңа газ-бензинді қозғалтқыш шығарынды газдар жөніндегі ЕС талаптарына сай келеді және жоғары өнімділік пен тиімді қуат көрсеткіштерін қамтамасыз етеді. 
Eco-mode және Қозғалтқышты автоматты түрде тоқтату сияқты жаңа функциялар отын шығынын әжептәуір үнемдеуге мүмкіндік береді.


Спецификациялар

Каталогты жүктеу
Модель Жүк көтергіштігі, кг Бұрылу радиусы (сыртқы), мм  
8FG35N 3500 2610 Құнын білу
8FG40N 4000 2660 Құнын білу
8FG45N 4500 2750 Құнын білу
8FG50N 5000 2810 Құнын білу
1

Жүкті стандарт көтеру биіктігі - 3000 мм. Көтеру биіктігі 2700-ден 7000 мм дейін жететін мачталармен бірге сатылуы мүмкін. 3000*(2700-7000). Ауырлық ортасы – 500 мм.

8-сериялы ашалы тиегіштерде жұмыс істейтін оператор тиегішке отырған сәттен бастап жайлылықты сезінеді:

  • Төмен деңгейде, сондай-ақ жоғарғы деңгейде жұмыс істеу кезінде жақсы шолудың қамтамасыз етілуі
  • Мультифункциялы дисплей
  • Басқару рычагтарының ыңғайлы орналасуы 
  • Ыңғайлы орындық
  • Қосарлы әрекет ететін тұрақ тежегіші 
  • Кең әрі тайғанауға қарсы еден


              
Toyota компаниясы тиегіштерді жасап шығару кезінде тиегіш техниканың қауіпсіздігіне жіті назар аударады. Белсенді тұрақтандыру жүйесінде (SAS) жүзеге асырылған соңғы буын технологиялары жазатайым оқиғалардың туындау ықтималдығын төмендетуге мүмкіндік береді. Берілген жүйе оператордың жұмыс істеу кезіндегі қауіпсіздігін қамтамасыз ететін Оператордың болу жүйесімен (OPS) толықтырылған. Толығырақ >>
Жүк көтергіштігі 3,5 тоннадан 5 тоннаға дейін жететін 8-сериялы газ-бензинді тиегіштерге Тойота инженерлері тиегіштердің осы сериясы үшін арнайы құрастырған жаңа қозғалтқыш орнатылған. Қозғалтқыштың қуаты жоғары, отын шығынын едәуір үнемдейді.

Қозғалтқыштың типі

Газ/Бензин 

Өндіруші

TOYOTA 

Қозғалтқыштың көлемі (текше см)

1FS 

Қозғалтқыштың моделі

3685 

Номиналды қуаты (кВт)/ айн.мин

63/2350 

Номиналды жүктеме кезіндегі айналу моменті (Н-м)/ айн/мин

276/1600