Ашалы тиегіштер (дизель/газ/бензин)

HINO MOTORS KAZAKHSTAN компаниясы дизельді және газ-бензинді қозғалтқыштармен жабдықталған өнімділігі жоғары Тойота ашалы тиегіштерін ұсынады. Ашалы тиегіштердің жүк көтергіштігі 1 тоннадан 24 тоннаға дейін жететін модельдері ұсынылған, оларды ашық алаңдарда да, қойма жайдың ішінде де қолдануға болады. Тойотаның барлық тиегіштері қолдану қауіпсіздігі мен жайлылығын қамтамасыз ету аясындағы соңғы инновацияларды ескере отырып құрастырылған. Біз ұсынатын Тойота газ-бензинді және дизельді қозғалтқыштары қуат пен өнімділіктің жоғары көрсеткіштерін қамтамасыз ете отырып, Қазақстанда қолдану жағдайларына бейімделген. 
   
Қазақстанға жеткізілетін Toyota сауда таңбасындағы тиегіштер Жапониядағы Такахама зауытында жасап шығарылады және ISO9001, ISO14001 стандарттары бойынша сертификатталған.

Ашалы тиегіштер (газ/бензин)

Газ-бензинді ашалы тиегіштердің жүк көтергіштігі 1 тоннадан 5 тоннаға дейін жететін модельдері ұсынылған. Газ-бензинді тиегіштерді аулада да, жабық үй-жайларда да пайдалануға болады.

  • 1 - 3,5 тонна
  • 3,5 - 5 тонна

Ашалы тиегіштер (дизель)

Дизельді ашалы тиегіштердің аулада, сондай-ақ қоймада және өзге үй-жайларда тиеп-түсіру жұмыстары кезінде пайдалану мүмкіндігі қарастырылған, жүк көтергіштігі 1 тоннадан 24 тоннаға дейінгі модельдері ұсынылған.

  • 1 - 3,5 тонна
  • 3.5 - 8 тонна
  • 10 - 24 тонна