Тойота тиегіштерінің Әлемдік рейтингі

Тойота – ашалы тиегіштерді жасап шығарушылар рейтингінің көшбасшысы

Бүгінгі таңда қазақстандық тиеп-түсіру техникасы мен қойма техникасы нарығында әртүрлі елдердің өндірушілері өз өнімдерін ұсынады. Олардың ішінен аз танылған өндірушілердің онша қымбат тұрмайтын тиегіштерін, сондай-ақ сатып алушылардың талаптарына толықтай сәйкес келетін жетекші өндірушінің техникасын таба аласыз.
Тойота компаниясы жасап шығарған көтергіш-көлік техникасына көптеген жылдар бойы айрықша көңіл бөлініп келе жатқандығын және оның шынында да бүкіл әлемде жоғары сапа, сенімділік, ыңғайлылық пен төзімділік сияқты түсініктермен байланыстырылатынын ескере кеткен жөн. Toyota
компаниясының көтергіш-көлік жабдықтарының 2001 жылдан бері тұрақты көшбасшылық етіп келе жатқандығын DHF, Logistik Journal and Modern Materials Handling іспетті әлемдік басылымдар растауда. Аталған басылымдардың мәліметтеріне сәйкес, Toyota 2001 жылдан бастап өндірушілер рейтингінде бірінші орында келеді. DHF соңғы рейтингі 2016 жылдың соңында жарияланды. Бұл жылдары да Тойота ашалы тиегіштер мен қойма техникасын жасап шығарушылардың әлемдік рейтингінде «Бірінші нөмірді» қолдан бермеді. 
Toyota Industries Corporation компаниясы көтергіш-көлік жабдықтары өндірісінде жаңа технологияларды қолданады, сондай-ақ Қазақстанға жеткізілетін техника біздегі климат пен қоршаған орта жағдайларына, жұмыстар мен техникалық қызмет көрсету шараларының өзіндік ерекшеліктеріне толықтай бейімделген. Toyota сауда таңбасының жабдықтары Жапониядағы Такахама зауытында жасап шығарылады және ISO9001, ISO14001 (сапалық және экологиялық бақылау стандарты) стандарттары, ГОСТ бойынша сертификаттады.  
Бізден, Қазақстан мен Орталық Азиядағы Toyota Industries Corporation жалғыз ресми дилерінен Тойота техникасын сатып алу арқылы Сіз Toyota Industries Corporation тобының клиенттерге ұсынатын артықшылықтарын толық бағалай аласыз.


Жүктеу Әлемдік рейтинг DHF.pdf                            Жүктеу Әлемдік рейтинг Modern Materials Handling.pdf


Біз ұсынамыз

Ашалы тиегіштер (дизель/газ/бензин)

Қоймаларда және өзге орындарда тиеп-түсіру әрекеттерін орындау кезінде таптырмас құрал.

Жүк көтергіштігі (газ/бензин)
Жүк көтергіштігі (дизель)

Электр тиегіштер

Жабық қоймаларда, тамақ, фармацевтика және өзге өнеркәсіп салаларына маманданған кәсіпорындарда тиеп-түсіру әрекеттерін жүзеге асыру кезінде қолданылады.

Жүк көтергіштігі

Гидравликалық арбалар

Дүкендердегі, қоймалардағы, қосалқы жайлар мен өзге үй-жайлардағы жүктерді жылжыту үшін қолданылады.

Жүк көтергіштігі

Электр арбалар

Жүкті өңдеу жылдамдығын арттыруға мүмкіндік береді, оператордың жұмысын жеңілдетеді.

Жүк көтергіштігі

Қаттауыштар (электр)

Көтеру биіктігі 6,3 метрге дейін жететін электр қаттауыштар қоймадағы әртүрлі операцияларды орындау үшін қолданылады.

Жүк көтергіштігі

Тапсырыстарды толымдау техникасы

Тапсырыстарды толымдау процесін жетілдіруге арналған.

Жүк көтергіштігі

Тар өтпелерге арналған қаттауыштар

Жүкті 14 метрге дейін көтеруге болатын өте тар жұмыс дәліздерінде жинастыру әрекеттерін орындау үшін қолданылады.

Жүк көтергіштігі

Тартқыштар

Жүктерді көлденеңінен тасымалдау үшін қолданылады.

Жүк көтергіштігі

Өзге техника

Әртүрлі салалардағы алуан түрлі тапсырмаларды орындау кезінде қолданылатын техника.

Шөмішті шағын тиегіштер

Құрылыс техникасы

Еден жуу машиналары

Танымал итальян өндірушілері ұсынған бедері әртүрлі едендерді тазартуға арналған кәсіби тазалау техникасы.

Еден жуу машиналары