Операторға арналған орны бар тазалау техникасы

Еден жуу машиналары - операторға арналған орны бар тазалау техникасы

Операторға арналған орны бар еден жуу машиналары ұзақ уақыт жұмыс істеуге және ауданы үлкен үй-жайларға арналып құрастырылған. Біз ұсынатын машиналардың заманауи әрі шағын дизайны тіпті тар жұмыс дәліздеріне де өтуге мүмкіндік береді. Fiorentini және TSM өндірушілері ұсынған еден жуу машиналарында барлығы оператордың үйренуіне көп уақыт кетпейтіндей етіп жасалған. Барлық қажетті функциялар қол жетім жерде орналасқан әрі қолдануға оңай.
Fiorentini және TSM еден жуу машиналарының әр моделінің өзіндік ерекшеліктері мен сипаттамалары бар. Төменде ең жиі сұралатын модельдерге қатысты деректер келтірілген. Қажеттілік жағдайында, біздің мамандар Сіздің атқаратын жұмысыңыздың ерекшеліктерін ескере отырып, Сіздің талаптарыңыз бойынша тиісті машинаны таңдауға көмектеседі.


Спецификациялар

Модель Ауданы бойынша өнімділігі, текше м/сағ Таза суға арналған бак көлемі, л Жұмыс кезінде желіден немесе батареядан қоректенуі  
Fiorentini ET65 3900 125 Аккумулятор батареясы Құнын білу
Fiorentini ET85 4920 125 Аккумулятор батареясы Құнын білу
Fiorentini ICM 38UE 5700 190 Аккумулятор батареясы Құнын білу
Fiorentini Unica 100 6000 225 Аккумулятор батареясы Құнын білу
Grande brio Ride on 115-C82 (TSM) 41000 115 Аккумулятор батареясы Құнын білу
1

Fiorentini машиналары:
  • Алдыңғы дөңгелекке арналған жүріс жетегі;
  • Алдыңғы дөңгелек 85 градусқа бұрылады, бұл оның бір орыннан дерлік бұрылуына мүмкіндік береді;
  • Әдемі заманауи дизайнымен ерекшеленеді;
  • Асқан маневрлі;
  • Қарапайым түрде қолданылады.
TSM машиналары:
  • Арнайы дизайн машинаның кіші аралықтардан оңай өтуіне мүмкіндік береді;
  • Щёткаларға түсірілетін 50 кг дейінгі қысым беттің мінсіз әрі бірқалыпты тазалануына кепілдік береді; 
  • Жеңіл қатынауға болатын, болат корпусты мықтап бекітілген бактар мейлінше жылдам әрі оңай қызмет көрсетуді қамтамасыз етіп, машинаның ұзақ қолданылуына кепілдік береді. 



Fiorentini машиналарының стандарт жеткізу жиынтығына кіреді:
  • Төрт аккумулятор батареясы; 
  • Сорғыш арқалық;
  • Жоғарғы сору көрсеткішін, осының арқасында тазаланатын беттің төменгі қалдық ылғалдылығын қамтамасыз ететін екі қуатты вакуумды турбина;
  • ЕТ65 модельдері үшін қаттылық дәрежесі әртүрлі щёткаларды қолдану мүмкіндігі қарастырылған.
Қосымша:
  • Клиенттің қалауы бойынша машинаны сыйымдылығы 240 А/сағ және 330 А/сағ гелийлі, сондай-ақ қышқылды аккумулятор батареясымен жабдықтауға болады;
  • Тазалау-сору құрылғысы орнатылуы мүмкін.
TSM машиналарының стандарт жеткізу жинағына кіреді:
  • Сорғыш арқалық;
  • Щёткалар;
  • Зарядтау құрылғысы (машинаға кіріктірілген).
Қосымша:
  • Қышқылды немесе гелийлі батареялар (таңдау бойынша)