Оператор шанағы көтерілетін қаттауыштар

Тар өтпелерге арналған қаттауыштар - оператор шанағы көтерілетін қаттауыштар

Техника көтерілмелі шанақпен жабдықталған, бұл машинаның арқасында машина жүкті қаттау және шектелген кеңістік жағдайында ірі биіктіктегі тапсырыстарды толымдау сияқты әрекеттерді орындауына мүмкіндік береді. С-сериялы тар өтпелерге арналған, жүк көтергіштігі 1-ден 1,35 тоннаға дейін жететін ВТ Vector қаттауыштарының модельдік қатарындағы (VCE100-VCE135) техникалардың көмегімен 13,6 метрге дейінгі биіктікте орналасқан жүктерді өңдеуге болады.  
А-сериялы BT Vector модельдік қатарындағы техникалардың (VCE125ASF-VCE150A) шассиі ауданы тым шектелген үй-жайларда тиімді тұрақтылық пен қозғалысты қамтамасыз ету мақсатында топсамен бөлінген, осы арқылы мұндай үй-жайлардың жүктерді сақтауға арналған үлкен аумағын қамтамасыз етеді. Бұл сериядағы техникалардың жүк көтергіштігі 1,5 тоннаға дейін жетеді, жүкті 14,8 метр биіктікке дейін өңдеуге болады. 
Оператор шанағын көтеру арқылы тар өтпелерге арналған қаттауыштардың қозғалысын басқару рельсті бағыттауыштар немесе индукциялық кабель бойынша жүзеге асырылады. 


Спецификациялар

Модель Жүк көтергіштігі, кг Көтеру биіктігі, м Қолмен іріктеу кезінде жұмыс орнының максималды биіктігі, м  
VCE100 1000 9.5 9.9 Құнын білу
VCE120 1200 9.5 9.9 Құнын білу
VCE135 1350 13.6 14 Құнын білу
VCE150A 1500 14.8 14.25 Құнын білу
VCE125ASF 1250 13.3 14.25 Құнын білу
1

Өтпенің ені 1660 мм дейін

C-сериялы BT Vector 
VCE100/VCE120/VCE135 модельдерінің ерекшеліктері :
  • Орнықты шассиден тұрады және екі секциялы мачтамен жабдықталған; 
  • Бұл модельдердің басқару панелі сол және оң жаққа бөлінген, бұл оны операторға ыңғайлы етіп оңай әрі жылдам қайта орнатуға мүмкіндік береді;
  • Тежегіштер мен ашаларды түсірудің регенеративті жүйесі батареяның жұмыс істеу уақытын ұзартады;
  • VCE135 моделі бұрылмалы күймешемен, не болмаса жақтауы екі немесе үш  сатылы ескек тәрізді ашалармен жабдықталуы мүмкін;
  • Ыңғайлы кабина және саусақпен басқару мүмкіндігі оператордың жұмыс істеуіне тамаша жағдайлар жасайды; 
  • Модельдердің барлығы бір орында оңай әрі жылдам монтаждалады. 
А-сериялы BT Vector 
VCE150A/VCE125ASF модельдерінің ерекшеліктері : 
  • Жүкке оңай қатынау мүмкіндігі және өңделетін жүктің керемет шолынуы;
  • Күймешесінде машинаға қатысты алғанда оңға-солға жылжитын ескек тәрізді ашалар орнатылған;
  • Тіреулі жұп ашалардан тұратын, бөлініп ажыратылған шасси қаттауыштың орнықтылығы мен сапасы төмен едендердегі жүріс сипаттарын едәуір арттырады; 
  • Модельдер орнықтылықты арттырып, еденге түсетін жүктемені кемітетін 4 тіреулі құрастырылымнан тұрады;
  • Орнықтылықтың жоғары деңгейі Optipace жылдамдықты басқару функциясымен үйлесіп, тіпті максималды көтеру биіктігін қолданған күннің өзінде максималды қозғалу жылдамдығын қамтамасыз етеді, сондай-ақ жүктерді өңдеу уақытын қысқартады;
  • Барлық модельдер көтеру циклі барысында қуаттың тұтынылуы мен шығындалуын төмендететін Advanced Lift System (Жетілдірілген жүкті көтеру жүйесі) жүйесімен жабдықталған;
  • Модельдер әрбір оператордың қолдану параметрлерін толықтай жеке реттеуіне мүмкіндік беретін үлкен түрлі-түсті дисплей негізіндегі біріктірілген басқару панелімен жабдықталған.   




Сіздің қоймаңыздың кез келген жағдайына арнап, шасси мен шанақ енін таңдау мүмкіндігі қарастырылған.