Тапсырыстарды толымдау техникасы

Тапсырыстарды толымдау техникасы

Жекелеген позициялар бойынша тауарларды іріктеп алу, яғни тапсырыстарды толымдау – бұл жүктерді қойма жайларда өңдеудің негізгі процестерінің бірі. Тапсырыстарды толымдау техникасы – бұл тапсырыстарды түзу процесін жеңілдетуге мүмкіндік беретін машина. Тапсырыстарды қолмен толымдау тұрғысынан аталған машинаның тиімділігі өте маңызды, себебі бұл клиенттердің талаптарын қанағаттандыруға тікелей әсер етеді. Бұл жабдықтың қолданылу аясы дистрибьюторлық орталықтардан шағын көтерме кәсіпорындарға дейінгі аралықты қамтиды. 
Біздің компания төмен, орташа және жоғары биіктіктерде жұмыс істейтін, әртүрлі мақсаттарда қолдану үшін заманауи талаптарға жауап беретін, тапсырыстарды қолмен толымдауға арналған BT Optio қаттауыштарының модельдік қатарымен танысуды ұсынады. Модельдердің барлығы өнімділіктің, қауіпсіздік пен жайлылықтың асқан деңгейін қамтамасыз етеді, сондай-ақ төмен температуралы үй-жайларда қолдану үшін тиімді болып табылады.


Төменгі деңгей

Қарқындылығы төмен жұмыстарға арнап құрастырылған. Жүкті төменгі биіктікте өңдеу үшін таптырмас құрал.

  • Жүк көтергіштігі 2500 кг дейін
  • Тапсырысты іріктеу жұмыстарын атқару орнының биіктігі 2,8 м дейін жетеді.

Орташа деңгей

Тар жұмыс дәліздерінде жұмыс істеуге таптырмас құрал. Тапсырыстарды 6300 мм дейінгі орта биіктікте толымдау жұмыстарын атқарады.

  • Жүк көтергіштігі 1000 кг дейін
  • Тапсырысты іріктеу жұмыстарын атқару орнының биіктігі 6,3 м дейін

Жоғарғы деңгей

Өз класындағы машиналар арасында 12 метрге дейінгі ең жоғарғы биіктікте тапсырыстарды толымдау жұмыстарын жүзеге асырады.

  • Жүк көтергіштігі 1200 кг дейін
  • Тапсырысты іріктеу орнының биіктігі 12 м дейін