Отырған күйі басқарылатын тартқыштарда операторға арналған жайлы орындық қарастырылған және олар максималды тиімділікке қол жеткізу үшін айнымалы тоқ электр қозғалтқышымен және іштен жану электр қозғалтқышымен жабдықталған. Төменде көрсетілген модельдерде тарту күштерінің кең диапазоны қарастырылғандықтан, олар жүктерді алыс қашықтықтарға көлденеңінен тасымалдауға мүмкіндік береді. 4CBТ модельдері 4 тоннаға дейінгі тарту күшін қолдайды, автомобильге ұқсас басқарылатын мұндай модельдер оператордың жұмыс кезіндегі максималды жайлылығын қамтамасыз етеді. 2TD және 2TG модельдері жоғары қозғалу жылдамдығымен ерекшеленеді және тоннасы жоғары жүктерді жылжытуға қабілетті, сондай-ақ зауыттар мен әуежайларда қолдану үшін таптырмас құрал саналады.