4 жақты (габаритті жүктерге арналған)

Ричтрак - 4 жақты (габаритті жүктерге арналған)

F-сериялы 4 жақты BT Reflex ричтрагы шағын өлшемді қоймалар мен үй-жайларда ұзын өлшемді жүктер (габаритті жүктер) мен стандарт тұғырықтарды өңдеу үшін таптырмас құрал. Бұл модель айнымалы тоқ электр қозғалтқышымен жабдықталған және оңға, солға, сондай-ақ кез келген бүйір бағытта қозғала береді. 
Берілген модельдің 4 жақты дизайны оның керемет орнықтылығын қамтамасыз етіп, жүкті бұдыр әрі тегіс емес беттердің өзінде де өңдеуге мүмкіндік береді. Модельдің максималды жүк көтергіштігі 2700 кг, жүкті көтеру биіктігі 8000 мм дейін жетеді.
     


Спецификациялар

Модель Жүк көтергіштігі, кг Көтеру биіктігі, м Батареяның сыйымдылығы (А/сағ)  
FRE270 2700 8 750 Құнын білу
1

Максималды жылдамдығы 8 км/сағ дейін

BT Reflex FRE270 моделінің келесідей артықшылықтары бар:
  • Техника 4 бағытта қозғалады;
  • Ашаларды 2,22 м дейін гидравликалық жылжытуға болады;
  • Берілген модельде оператордың отыратын орны жүкке қарата орналастырылған, бұл ұзын өлшемді жүктерді жылдам әрі тиімді өңдеуге мүмкіндік береді;
  • Батареяларды бүйірінен алмастыру мүмкіндігі;
  • Стандарт тұғырықтарды, сондай-ақ ұзын өлшемді жүктерді өңдеуге мүмкіндік береді;
  • Үздік көтеру және тежеу сипаттары
  • Кең шанақ оператордың жайлылығын қамтамасыз етеді. 
  • Оңай бағдарламаланатын қозғалу жылдамдығын арттыру, меңгерік дөңгелегінің қимылына жауап қайтару параметрлері қарастырылған.

Бұл модельдің максималды жүк көтергіштігі 2700 кг, жүкті көтеру биіктігі 8000 мм дейін жетеді. Модельге ашылу диапазоны 540-2220 мм болатын ашалы жинақтау құралын орнатуға болады.