Орташа деңгей

Тапсырыстарды толымдау техникасы - орташа деңгей

Орташа деңгейлі ВТ Optio тапсырыстарды толымдау техникасы (M сериялы) тапсырыстарды 6300 мм дейінгі биіктікте іріктеу жұмыстарын атқарады. Бұл модельдік қатар өзін тамақ өнімдерін, тұрмыстық техниканы, қосалқы бөлшектер мен фармацевтикалық препараттарды толымдау кезінде жақсы көрсете білді. Тар өтпелерде жұмыс істеуге мүмкіндік береді. Аталған серияның көтергіш ашалары жинастырылатын тауарды тұғырыққа оңай орналастыруға мүмкіндік береді, операторға арналған орынмен жабдықталған модельдермен ауыр немесе габаритті жүктерді өңдеуге болады. Орташа деңгейлі ВТ Optio тапсырыстарды толымдау техникасы көтеру биіктігіне қарай техниканың қозғалу және тежеу жылдамдығын автоматты түрде реттейтін BT Optipace жүйесімен жабдықталған. Толымдау техникаларының аталған сериясы сондай-ақ жүкпен жұмыс істеу кезінде жұмыстардың өнімділік және тиімділік сипаттарын арттыруға арналған BT Powerdrive жүйесімен жабдықталған.

Спецификациялар

Модель Жүк көтергіштігі, кг Көтеру биіктігі, м Қолмен іріктеу кезінде жұмыс орнының максималды биіктігі, м  
OME100N 1000 2.48 3.4 Құнын білу
OME100NW 1000 1.70 3.4 Құнын білу
OME100 1000 2.3 3.4 Құнын білу
OME100W 1000 1.5 3.4 Құнын білу
OME100M 1000 5.3 6.3 Құнын білу
OME100MW 1000 4.5 6.3 Құнын білу
1

Максималды жылдамдығы 12 км/сағ дейін

OME100N/OME100NW модельдерінің ерекшеліктері:
  • Қолданылуы: 3400 мм дейінгі биіктікте қарқынды жинастыру жұмыстарына арналған (платформаның көтерілу биіктігі 1800 мм);
  • Ыңғайлы шағын дизайн, тар шасси;
  • Қосымша қауіпсіздікті қамтамасыз ету үшін, OME100N моделіне операторға арналған үстіңгі қорғаныс торы мен жиылмалы бүйір қоршаулар орнатуға болады;
  • OME100NW моделі жүкке еркін өтуді қамтамасыз ететін көтерілмелі шанақпен жабдықталған. Бұл модель ірі әрі ұстауға қолайсыз тауармен жұмыс істеуге арналған; 
  • 12 км/сағ түріндегі максималды қозғалу жылдамдығы жүктерді толымдау орындары арасында жылжу уақытын қысқартуға мүмкіндік береді;
  • Ашалардың ұзындығы 1150 мм дейін жетеді. 
OME100/OME100W модельдерінің ерекшеліктері:
  • Қолданылуы: 3400 мм дейінгі биіктікте үшінші деңгейге дейін қарқынды жинастыру жұмыстарына арналған (платформаның көтерілу биіктігі 1800 мм);
  • OME100W моделі жүкке қатынау мүмкіндігі қарастырылған көтерілмелі шанақпен жабдықталған. Ұзындығы белгіленген немесе реттелмелі ашалардың бірін, таңдауға болады. Реттелмелі ашалар өлшемдері әртүрлі тауарлармен жұмыс істеуге, осы арқылы габаритті жүктердің өңделуін жеңілдетуге мүмкіндік береді;
  • Заманауи электрондық басқару панелі саусақтардың ұшымен басқару арқылы тар өтпелердегі жұмыстардың дәлдігін қамтамасыз етеді. 
OME100M/OME100MW модельдерінің ерекшеліктері:
  • Қолданылуы: 6300 мм дейінгі биіктікте қарқынды толымдау жұмыстарына арналған (OME100M платформасының максималды көтерілу биіктігі 2000 мм, OME100MW – 4700 мм);
  • Операторға арналған кең әрі ыңғайлы шанақ; 
  • Ұзындығы белгіленген немесе реттелмелі ашалар;
  • Қосымша қауіпсіздікті қамтамасыз ету үшін, OME100M және OME100MW моделдеріне операторға арналған үстіңгі қорғаныс торын орнатуға болады; 
  • OME100MW моделі жүкке еркін қатынау мүмкіндігі қарастырылған көтерілмелі шанақпен жабдықталған. Бұл модель ірі әрі ұстауға қолайсыз тауармен жұмыс істеуге арналған.

Клиенттің қалауы бойынша төменде көрсетілген және өзге қосымша опциялар қарастырылуы мүмкін:
  • Қосымша қауіпсіздікті қамтамасыз ету үшін, операторға арналған үстіңгі қорғаныс торы мен жиылмалы бүйір қоршаулар орнатуға болады;
  • Ұзындығы белгіленген немесе реттелмелі ашалардың біреуін таңдауға болады. Реттелмелі ашалар өлшемдері әртүрлі тауарлармен жұмыс істеуге мүмкіндік береді.