Тұрған күйі басқарылатын

Қаттауыштар (электр) - тұрған күйі басқарылатын

Тұрған күйі басқарылатын S-сериялы ВТ Staxio қаттауыштары жабық әрі ыңғайлы шанақпен жабдықталған, мұнда оператор жұмысты тұрған күйі орындайды. Бұл сериядағы қаттауыштар жүргізушінің қорғаныс қоршауымен жабдықталған, бұл өз кезегінде, оператордың жүктерді көтеру жұмыстары кезіндегі қауіпсіздігін қамтамасыз етеді. 
Бұл электр қаттауыштар тар кеңістіктерде қарқынды қаттау жұмыстарын орындау үшін жарамды, сондай-ақ олардың көмегімен машиналарды тиеп-түсіру және машиналардың ішіндегі жүктерді өңдеу жұмыстарын орындауға болады. 
Тұрған күйі басқарылатын қаттауыштардың жүк көтергіштігі 1,35-тен 1,6 тоннаға, көтеру биіктігі 6,3 м дейін жетеді. 

Спецификациялар

Модель Жүк көтергіштігі, кг Көтеру биіктігі, м Батареяның сыйымдылығы (А/сағ)  
SSE135/ SSE135L 1350 5,4 600 Құнын білу
SSE160/ SSE160L 1600 6,3 600 Құнын білу
1

Максималды жылдамдығы 9 км/сағ дейін

SSE135/SSE160, SSE135L/SSE160L модельдерінің ерекшеліктері:
  • SSE135 және SSE160 модельдері ұзындығы белгіленген тіреулі ашалардан, SSE135L және SSE160L модельдері көтергіш, тіреулі ашалардан тұрады. Көтергіш тіреулі ашалардың арқасында техниканы тегіс емес, қиғаш беттерде қолдануға, екі паллетаны бір уақытта өңдеуге болады. 
  • Көтергіш тіреулі ашалардан тұратын SSE135L және SSE160L модельдерімен екі паллетаны бір уақытта 1500 мм дейінгі биіктікке көтеруге болады. SSE135L моделінің максималды жүк көтергіштігі 675 + 675 кг, SSE160L моделінің максималды жүк көтергіштігі 800+800 кг құрайды.
  • Барлық модельдерді басқару ыңғайлы әрі қарапайым жүзеге асырылады.
  • Машинамен жұмыс істеу кезінде операторға ыңғайлы сипаттамаларды бағдарламалау мүмкіндігі қарастырылған.
  • Оператордың үстіңгі қорғаныс қоршауы жүкті жоғары көтеру кезінде оператордың қауіпсіздігін қамтамасыз етеді. 
  • Тар шасси мен 360°-қа бұрылатын басқару жүйесі машинаны мінсіз басқаруға мүмкіндік береді.
  • Тамаша шолу мүмкіндігі.


Клиенттің қалауы бойынша төменде көрсетілген және өзге қосымша опциялар қарастырылуы мүмкін:
  • 620 А/сағ дейінгі батареямен жабдықтауға болады
  • Салқын қоймаларда жұмыс істеуге арналған түрленімі қолжетімді
  • Жылдамдықты кеміту функциясы
  • Аккумуляторды алмастыру құрылғысының болуы