Ашалы тиегіштер (дизель) - 3.5 - 8 тонна

Жаңа дизельді қозғалтқышпен жабдықталған, жүк көтергіштігі  3,5 тоннадан 8 тоннаға дейінгі аралықты қамтитын 8-сериялы Toyota ашалы тиегіштерінің көтеру биіктігі 7 метрге дейін жетеді, сондай-ақ тиегіш шағын әрі мейлінше жайлы болып табылады. Мұндай автотиегіштермен үй-жайлардың ішіндегі немесе ауладағы салмағы орташа және ауыр жүктерді оңайлықпен қаттауға болады. Орнатылған жаңа дизельді қозғалтқыш шығарынды газдар жөніндегі ЕС талаптарына сай келеді және жоғары өнімділік пен тиімді қуат көрсеткіштерін қамтамасыз етеді. Eco-mode және Қозғалтқышты автоматты түрде тоқтату сияқты жаңа функциялар отын шығынын әжептәуір үнемдеуге мүмкіндік береді.

Спецификациялар

Каталогты жүктеу
Модель Жүк көтергіштігі, кг Бұрылу радиусы (сыртқы), мм  
8FD35N 3500 2610 Құнын білу
8FD40N 4000 2660 Құнын білу
8FD45N 4500 2750 Құнын білу
8FD50N 5000 2810 Құнын білу
8FD60N 6000 3230 Құнын білу
8FD70N 7000 3280 Құнын білу
8FD80N 8000 3320 Құнын білу

Стандарт көтеру биіктігі - 3000 мм. Көтеру биіктігі 3000-нан 7000 мм дейін жететін мачталармен бірге сатылуы мүмкін.

8-сериялы ашалы тиегіштерде жұмыс істейтін оператор тиегішке отырған сәттен бастап жайлылықты сезінеді:
  • Төмен деңгейде, сондай-ақ жоғарғы деңгейде жұмыс істеу кезінде жақсы шолудың қамтамасыз етілуі
  • Мультифункциялы дисплей
  • Басқару рычагтарының ыңғайлы орналасуы 
  • Ыңғайлы орындық
  • Қосарлы әрекет ететін тұрақ тежегіші 
  • Кең әрі тайғанауға қарсы еден


        
Toyota компаниясы тиегіштерді жасап шығару кезінде тиегіш техниканың қауіпсіздігіне жіті назар аударады. Белсенді тұрақтандыру жүйесінде (SAS) жүзеге асырылған соңғы буын технологиялары жазатайым оқиғалардың туындау ықтималдығын төмендетуге мүмкіндік береді. Берілген жүйе оператордың жұмыс істеу кезіндегі қауіпсіздігін қамтамасыз ететін Оператордың болу жүйесімен (OPS) толықтырылған. Толығырақ >>
Жүк көтергіштігі 3,5 тоннадан 8 тоннаға дейін жететін 8-сериялы дизельді тиегіштерге Тойота инженерлері тиегіштердің осы сериясы үшін арнайы құрастырған жаңа қозғалтқыш орнатылған. Қозғалтқыштың қуаты жоғары, отын шығынын едәуір үнемдейді.

Қозғалтқыштың типі

Дизель 

Өндіруші

TOYOTA 

Қозғалтқыштың моделі

14Z-II 

Қозғалтқыштың көлемі (текше см)

5204 

Номиналды қуаты (кВт)/ айн.мин

56/2100       66/2400 

Номиналды жүктеме кезіндегі айналу моменті (Н-м)/ айн/мин

269/1600     325/1000