Бұрын қолданылған техника

Бұрын қолданылған техника

Toyota Tsuhso Technics Central Asia компаниясы Сізге жаңа техникамен қатар, бұрын жүрілген тиегіш техниканы сатып алуды ұсынады. Ұсталған тиегішті сатып алу меншікті қаражаттары есебінен жаңа тиегішті сатып алуға шамасы жетпейтін тұлғалар үшін ең ұтымды шешім болуы мүмкін.
Көптеген адамдардың жапондық Тойота техникасының сапасын бағалап үлгергенін, оның сенімділігі мен төзімділігі бұрыннан белгілі екенін ескеру орынды!
Біздің техника әлемдік стандарттар бойынша техникалық бақылау мен дайындықтан өтеді, әр жекелеген машинаның өзіндік комплектациясы мен тиісті бағасы болады.

Төменде сіздер бұрын қолданылған тиегіштердің негізгі сипаттамаларымен таныса аласыз:

Модель Ашалы тиегіш 8FD25 Қаттауыш RRE120B  
Жүк көтергіштігі, кг 2500 1200  
Мачта, мм V3000 4500 
Қозғалтқышы Дизель Электр  
Шығарылған жылы 2008 2014 
Атқарған жұмыс көлемі, мотосағат   -   -    
Құны, $ 18 200 25 600  
Өндіруші Тойота/Жапония Тойота/Швеция  
Кепілдік, ай/мотосағат 6/800 12/2000  
Қосымша Толық бұрылмалы ұстағыш I SITE TOYOTA жүйесі  


Бұрын қолданылған тиегішті +7 (727) 313-13-15, 381-50-50 телефон немесе e-mail көмегімен біздің сату бөлімінің мамандарына жүгіну арқылы сатып алуыңызға болады: sales@toyota-fl.kz

Біз ұсынамыз

Жүк көтергіштігі (газ/бензин)
Жүк көтергіштігі (дизель)

Ашалы тиегіштер (дизель/газ/бензин)

Қоймаларда және өзге орындарда тиеп-түсіру әрекеттерін орындау кезінде таптырмас құрал.

Электр тиегіштер

Жабық қоймаларда, тамақ, фармацевтика және өзге өнеркәсіп салаларына маманданған кәсіпорындарда тиеп-түсіру әрекеттерін жүзеге асыру кезінде қолданылады.

Гидравликалық арбалар

Дүкендердегі, қоймалардағы, қосалқы жайлар мен өзге үй-жайлардағы жүктерді жылжыту үшін қолданылады.

Электр арбалар

Жүкті өңдеу жылдамдығын арттыруға мүмкіндік береді, оператордың жұмысын жеңілдетеді.

Қаттауыштар (электр)

Көтеру биіктігі 6,3 метрге дейін жететін электр қаттауыштар қоймадағы әртүрлі операцияларды орындау үшін қолданылады.

Тапсырыстарды толымдау техникасы

Тапсырыстарды толымдау процесін жетілдіруге арналған.

Ричтрак

Қоймадағы жұмыстарды оңтайландыруға арналған.

Тар өтпелерге арналған қаттауыштар

Жүкті 14 метрге дейін көтеруге болатын өте тар жұмыс дәліздерінде жинастыру әрекеттерін орындау үшін қолданылады.

Тартқыштар

Жүктерді көлденеңінен тасымалдау үшін қолданылады.

Еден жуу машиналары

Танымал итальян өндірушілері ұсынған бедері әртүрлі едендерді тазартуға арналған кәсіби тазалау техникасы.