Сатудан кейінгі қызмет көрсету. Сервис және қосалқы бөлшектер

Сатудан кейінгі қызмет көрсету. Сервис және қосалқы бөлшектер

тиегіштерді жөндеу

HINO MOTORS KAZAKHSTAN компаниясы тиеп-түсіру техникасына сапалы қызметтер ұсынып, клиенттердің сауалдарына жедел жауап береді. Біздің сервистік қызметтердің сатудан кейінгі қызметтерді ұсыну бойынша TOYOTA компаниясының бүкіләлемдік талаптарына толық сәйкес келетіндігін ескере кеткен жөн. 

Сервис және техникалық қолдау бөлімінің нөмірлері : 8 (727) 355-00-01

Біздің сервистік қызметтердің артықшылықтары


Сервистік қызметтерге және жөндеу жұмыстарына тапсырыс беру

Тиегіштер түпнұсқа қосалқы бөлшектермен ұзағырақ жұмыс істейді


Тойота компаниясы Сіздегі тиегіштердің сапасы мен сенімділігін қолдап отыруға мүмкіндік беретін түпнұсқа қосалқы бөлшектерді ғана қолдануды қатаң түрде ұсынады. Тап осыған байланысты біз атқаратын бүкіл техникаға қызмет көрсету және оларды жөндеу жұмыстарында біз тек Toyota және BT өндірушілері ұсынған түпнұсқа бөлшектерді қолдануды ұсынамыз. 
Түнұсқалы бөлшектер ұзақ уақыт бойы Сіздің қаржы салымдарыңызды ақтап қана қоймай, сіздің техникаңыздың тиімді жұмысын қамтамасыз етеді. Тек түпнұсқа қосалқы бөлшектер ғана техниканың тұрып қалу уақытын мейлінше азайтып, қауіпсіз пайдаланылуын қолдап отыруға мүмкіндік береді.
Сервистік қызмет көрсету және ағымдағы жөндеу жұмыстары кезінде қолданылатын қосалқы бөлшектер мен шығыс материалдардың негізгі бөлігі Алматыдағы қоймада бар. Қазақстанның өзге аудандарына жеткізу 3-тен 10 күнге дейінгі курьерлік қызмет көмегімен жүзеге асырылады!
 

Қосалқы бөлшектер каталогы


Біз ұсынамыз

Жүк көтергіштігі (газ/бензин)
Жүк көтергіштігі (дизель)

Ашалы тиегіштер (дизель/газ/бензин)

Қоймаларда және өзге орындарда тиеп-түсіру әрекеттерін орындау кезінде таптырмас құрал.

Электр тиегіштер

Жабық қоймаларда, тамақ, фармацевтика және өзге өнеркәсіп салаларына маманданған кәсіпорындарда тиеп-түсіру әрекеттерін жүзеге асыру кезінде қолданылады.

Гидравликалық арбалар

Дүкендердегі, қоймалардағы, қосалқы жайлар мен өзге үй-жайлардағы жүктерді жылжыту үшін қолданылады.

Электр арбалар

Жүкті өңдеу жылдамдығын арттыруға мүмкіндік береді, оператордың жұмысын жеңілдетеді.

Қаттауыштар (электр)

Көтеру биіктігі 6,3 метрге дейін жететін электр қаттауыштар қоймадағы әртүрлі операцияларды орындау үшін қолданылады.

Тапсырыстарды толымдау техникасы

Тапсырыстарды толымдау процесін жетілдіруге арналған.

Ричтрак

Қоймадағы жұмыстарды оңтайландыруға арналған.

Тар өтпелерге арналған қаттауыштар

Жүкті 14 метрге дейін көтеруге болатын өте тар жұмыс дәліздерінде жинастыру әрекеттерін орындау үшін қолданылады.

Тартқыштар

Жүктерді көлденеңінен тасымалдау үшін қолданылады.

Еден жуу машиналары

Танымал итальян өндірушілері ұсынған бедері әртүрлі едендерді тазартуға арналған кәсіби тазалау техникасы.