Көтеру биіктігі төмен арбалар

Гидравликалық арбалар - көтеру биіктігі төмен арбалар

Өзге өндірушілердің гидравликалық арбаларымен салыстырғанда, көтеру биіктігі төмен ВТ арбалары қолдануға ыңғайлы, айтарлықтай төзімді әрі сенімді. ВТ гидравликалық арбаларының автоматтандырылған дәнекермен дәнекерленген жақтауына өмір бойғы кепілдік беріледі, арбаның ұнтақты бояуы жоғары сапалы қабатты түзсе, майланатын мойынтіректер мен штуцерлер ұзақ мерзімді қолдану ресурсын қамтамасыз етеді.   
Клиенттің қалауы бойынша, ВТ зауыты тапсырыс негізінде гидравликалық арбалардың ылғалды ортаға арналған, шу деңгейі төмен, электр қозғалтқышпен жабдықталған және т.б түрленімдерін жасап шығара алатындығын ескерген жөн. 


Спецификациялар

Модель LHM230 LHM300
Жүк көтергіштігі, кг 2300 3000
Ашалардың ұзындығы тапсырыс бойынша, мм 800-1220 800-1220
Ашалардың ені, мм 156 175
Түсірілген ашалардың биіктігі, мм 85 85
Ашалардың көтеру биіктігі, мм 200 200
Арбаның габариттік биіктігі, мм 1220 1220
Меншікті салмағы, кг 63 105
  Құнын білу Құнын білу

ВТ гидравликалық арбаларының өзіндік ерекшеліктері:
  • Қысым әсерінде майланатын берік әрі мықты мойынтірек бұрылу кезінде күштің аз түсірілуін және арбаның ұзақ қызмет ету мерзімін қамтамасыз етеді.
  • ВТ фирмасы жасап шығарған ашаның түсірілуін реттеу құрылғысы (BLC клапаны) ашаның басқару арқылы біркелкі түсірілуіне мүмкіндік береді.
  • Тұтқа мен сорғы арасындағы берік әрі сенімді байланыс.
  • Дөңгелек материалдарының әр алуандылығы: нейлон, полиуретан, болат, пауэртан және резеңке.
  • Майланбалы штуцерлер ұзақ қолдану мерзімін қамтамасыз етеді.
  • Біріктіру арқылы жағылған қорғаныштық ұнтақты қабат және роботтандырылған дәнекер құрал бетінің жоғары сапасы мен тегістігін қамтамасыз етеді.
  • Басқару тұтқасы беріктігі жоғары полимерлі материалдан дайындалған және ыңғайлы ұстау сипатын қамтамасыз етеді.
  • ВТ компаниясының бірегей өмір бойғы кепілдігі клиенттерге ашалардың жақтауына 99 жылдық зауыт кепілдігін ұсынады, ол материалда және/немесе дәнекерде ақаулар анықталған жағдайда әрекет етеді. Гидротораптар мен тұтқаға берілетін кепілдік мерзімі бес жылды құрайды. 
  • «Жылдам көтеру» және «Артық жүктеу» функцияларын реттеуге болады.
  • LHM230 моделіне экология және қоршаған ортаны қорғау саласындағы сәйкестік сертификаты берілген. 


Клиенттің қалауы бойынша LHM230 және LHM300 арбаларына төменде көрсетілген және өзге қосымша опциялар қарастырылуы мүмкін:
  • Тіреулі роликтер 
  • Қол тежегіш
  • Жүк таянышы
  • Тұрақ тежегіші
  • Қалам мен қағазға арналған қойғыш 
  • Салқын қоймаларда жұмыс істеуге арналған май
  • Асқан ылғалдылық жағдайларында жұмыс істеуге арналған түрленімдер