Құрғақ және ылғалды тазалауға арналған шаңсорғыштар

Еден жуу машиналары - құрғақ және ылғалды тазалауға арналған шаңсорғыштар

Fiorentini өндірушісі ұсынған шаңсорғыштар моделінің шағын болуына қарамастан, ұзақ уақыт бойы күрделілігі әртүрлі жұмыстарды оңай атқарады. Арбаға монтаждалған модельдер шаңсорғышты оңай жылжытуға мүмкіндік беріп, тазалау процесінің жайлылығын арттырады. Шаңсорғыш қағаз сүзгі-қаппен де, онсыз да құрғақ тазалауға мүмкіндік беретін нейлон сүзгі-себеттермен жабдықталған. Сұйықтықтарды тазалау кезінде шаңсорғыштан сүзгі-себетті міндетті түрде шығару қажет. 
Fiorentini компаниясы ұсынған құрғақ әрі ылғалды тазалауға арналған арнайы шаңсорғыштардың сипаттамалары әртүрлі көптеген модельдері бар. Төменде ең жиі сұралатын модельдерге қатысты деректер келтірілген. Қажеттілік жағдайында, біздің мамандар Сіздің атқаратын жұмысыңыздың ерекшеліктерін ескере отырып, Сіздің талаптарыңыз бойынша тиісті машинаны таңдауға көмектеседі.  


Спецификациялар

Модель Қоқыс жинағыш сыйымдылығы, л Сорғыш турбиналар, Вт Тазалау ерекшелігі  
Fiorentini F32 F1 30 1x1000 Құрғақ және ылғалды Құнын білу
Fiorentini F38 F1 60 1x1000 Құрғақ және ылғалды Құнын білу
Fiorentini F46 F2R 82 2x1000 Ылғалды Құнын білу
Fiorentini F48 F1 60 2x1000 Құрғақ және ылғалды Құнын білу
1

Fiorentini F32 F1/ Fiorentini F38 F1/ Fiorentini F48 F1 модельдері (құрғақ әрі ылғалды тазалауға арналған шаңсорғыштар)
  • Сүзгі-қаппен, онсыз да қолданылады;
  • Қалтқы жүйесі сұйық ластықтарды тазалау кезінде қоқыс жинағыштың шамадан тыс толып кетуін және сорғыш турбинаға сұйықтықтың түсуін болдырмайды;
  • Екі тәуелсіз турбинамен жабдықталған.
Fiorentini F46 F2R моделі (ылғалды тазалауға арналған)
  • Сұйықтықты жинауға арналған бактың ішінде оның қайта айдалуын қамтамасыз ететін батпалы сорғы орналасқан;
  • Сорғы қалтқы типті автомат қосу (өшіру) жүйесімен жабдықталған. Сорғының қайта айдау функциясының қосылуы бактағы сұйықтықтың белгілі бір деңгейге жетуі кезінде жүзеге асады.
  • Сорғыш шланг;
  • Ұзарту түтігі;
  • Сүзгі-себет;
  • Құрғақ тазалауға арналған саптама;
  • Ылғалды жинауға арналған саптама;
  • Сүзілмелі саптама;
  • Қылшықты дөңгелек саптама.
Тек Fiorentini F46 F2R моделінде:
  • Сорғыш шланг;
  • Ұзарту түтігі;
  • Ылғалды жинауға арналған саптама.