Қаттауыштар (электр) - отырған күйі басқарылатын

R сериялы ВТ Staxio электр қаттауышы оператордың жұмыс кезінде жайлылығын қамтамасыз ететін реттелмелі орындықпен жабдықталған арнайы шанақтан тұрады. Сондай-ақ, шынтақ қойғыштар мен басқару панелі де оператордың жұмыс кезіндегі жайлылығын қамтамасыз етеді.
Мұндай қаттауыштар қойма жайлардағы қарқындылығы жоғары жұмыстарды тамаша атқарады. Бұл сериядағы қаттауыштардың барлығы оператордың қорғаныс қоршауымен жабдықталған, бұл өз кезегінде, оператордың жүктерді көтеру жұмыстары кезіндегі қауіпсіздігін қамтамасыз етеді. 
R сериялы ВТ Staxio жүк көтергіштігі 1,35-тен 1,6 тоннаға, көтеру биіктігі 6,3 м дейін жететін төменде көрсетілген модельдерден тұрады.

Спецификациялар

Модель Жүк көтергіштігі, кг Көтеру биіктігі, м Батареяның сыйымдылығы (А/сағ)  
SRE135/SRE135L 1350 5,4 600 Құнын білу
SRE160/SRE160L 1600 6,3 600 Құнын білу

Максималды жылдамдығы 9,4 км/сағ дейін   

SRE135/SRE135L/SRE160/SRE160L модельдерінің ерекшеліктері:
  • SRE135 және SRE160 модельдері ұзындығы белгіленген тіреулі ашалардан, SRE135L және SRE160L модельдері көтергіш, тіреулі ашалардан тұрады. Көтергіш тіреулі ашалардың арқасында техниканы тегіс емес, қиғаш беттерде қолдануға, екі паллетаны бір уақытта өңдеуге болады;
  • Көтергіш тіреулі ашалардан тұратын SRE135L және SRE160L модельдерімен екі затты бір уақытта 1500 мм дейінгі биіктікке қаттауға болады. SRE135L моделінің жүк көтергіштігі 675 + 675 кг, SRE160L моделінің жүк көтергіштігі 800+800 кг құрайды;
  • Жүкті биіктікке көтеру кезінде оператордың қауіпсіздігін қамтамасыз ететін оператордың қорғаныс торының болуы;
  • Меңгерікпен жеңіл басқару, реттелмелі орындық, шынтақ қойғыштар және басқару панелі;
  • Ыңғайлы көлденең орындық, мұнда оператор денесінің қалпын өзгертпестен, қаттауышты екі бағытта басқара алады;
  • Тамаша шолу мүмкіндігі.


Клиенттің қалауы бойынша төменде көрсетілген және өзге қосымша опциялар қарастырылуы мүмкін:
  • Салқын қоймаларда жұмыс істеуге арналған түрленімі қолжетімді;
  • Жылдамдықты кеміту функциясы;
  • Аккумуляторды алмастыру құрылғысының болуы.