Платформалы

Қаттауыштар (электр) - платформалы

Р-сериялы ВТ қаттауыштары операторға арналған қайырмалы платформамен жабдықталған, олар жүктерді қаттау және алыс қашықтықтарға көлденеңінен жылжыту бойынша қоймадағы қарқынды жұмыстарды орындау үшін қолданылады. Бұған қоса, мұндай қаттауыштар шектелген кеңістікті орындарда жұмыс істеу және жүк автомобильдерін түсіру үшін жарамды.
Платформалы қаттауыштардың төменде көрсетілген жүк көтергіштігі 1,2-тен 2 тоннаға дейін, көтеру биіктігі 6 метрге дейін жететін 11 моделі бар. BT Powerdrive и BT Powertrak жүйелерінің арқасында модельдердің көбісінің маневр жасау көрсеткіштері жоғары, мұндай жүйелер бұдырлы әрі тегіс емес еденде айтарлықтай орнықтылық пен тамаша өтімділікті қамтамасыз етеді.

Спецификациялар

Модель Жүк көтергіштігі, кг Көтеру биіктігі, м Батареяның сыйымдылығы (А/сағ)  
RWE120 1200 4,8 330 Құнын білу
SPE125/SPE125L 1250 5,4 440 Құнын білу
SPE135S 1350 5,4 440 Құнын білу
SPE160/SPE160L 1600 5,4 440 Құнын білу
SPE200/SPE200L 2000 3,95 440 Құнын білу
SPE200D 2000 2,5 440 Құнын білу
1

Максималды жылдамдығы 10 км/сағ дейін

RWE120 моделінің (паллеталарды кең/жабық жағынан өңдеуге арналған жылжымалы мачтадан тұратын электр қаттауыш) келесідей артықшылықтары бар:
  • Өзінің әмбебаптылығымен ерекшеленеді, стандарт қаттауыш сияқты шағын, сондай-ақ ричтрактың иілгіштігін бойына сіңірген. 
  • Паллеталарды кең/жабық жағынан өңдеу үшін жақтаудың шетін реттеуге болады.
SPE125/SPE125L/ SPE135S/ SPE160/SPE160L/ SPE200/SPE200L/ SPE200D модельдерінің (қарқынды қолдануға арналған) келесідей артықшылықтары бар:
  • Техникалардың шағын өлшемдері мен мықты құрастырылымы жүк арбаларындағы жүктерді өңдеуге, оларды тиеп-түсіруге мүмкіндік береді;
  • 8 км/сағ дейінгі жоғары қозғалу жылдамдығы;
  • Аса орнықтылықты, тамаша өтімділік пен маневрлікті қамтамасыз ететін BT Powerdrive және BT Powertrak жүйелерінің болуы;
  • Оператор басқару параметрлерін жеке өзі бағдарламалай алады;
  • Ашаларды көтеру және түсіру барысын, оларды көтеру және түсіру жылдамдығын дәл басқаруға мүмкіндік беретін BT Sensi-lift жүйесінің болуы;
  • Ыңғайлы тұтқа оператордың техниканы жеңіл әрі интуитивті басқаруын қамтамасыз етеді; 
  • Ажыратылған тіреуіш тармақтар мен реттелмелі ашалар ашық және стандарт тұғырықтарды оңайлықпен өңдеуге мүмкіндік береді;
  • Тіреуіш тармақтардың енін сөрелердің өлшемдеріне қарай реттеуге болады.





 
      

Клиенттің қалауы бойынша төменде көрсетілген және өзге қосымша опциялар қарастырылуы мүмкін:
  • Платформаны таңдау мүмкіндігі: Stay down (төмен) немесе Stay Up (жоғары) платформасы, оператордың максималды жайлылығын қамтамасыз ететін Эрго платформасы;
  • Бір уақытта екі паллетаны тасымалдауға арналған және пандустарда, тегіс емес едендер мен дөңестерде жұмыс істеуге арналған көтергіш, тіреулі ашаларды таңдау мүмкіндігі; 
  • Салқын қоймаларда жұмыс істеуге арналған түрленімнің болуы;
  • Жылдамдықты уақытша төмендету (тасбақа батырмасы);
  • Аккумуляторды алмастыру құрылғысының болуы;
  • Аккумулятор батареясын машинаның бүйірінен алмастыру мүмкіндігі.