Қауіпсіздік тұрғысынан № 1 тиегіштер!

Қауіпсіздік тұрғысынан № 1 тиегіштер!

Toyota компаниясы тиегіштерді жасап шығару кезінде тиеп-түсіру техникасының қауіпсіз жұмысына жіті көңіл бөледі. Белсенді тұрақтандыру жүйесінде (SAS) қолданыс тапқан жаңа буын технологиялары жазатайым оқиғалардың туындау ықтималдығын төмендетуге мүмкіндік береді. Аталған жүйе оператор жұмысының қауіпсіздігін қамтамасыз ететін  зияткерлік Оператордың қатысуы жүйесімен (OPS) толықтырылған.

Белсенді тұрақтандыру жүйесі (SAS)


Белсенді тұрақтандыру жүйесі (SAS) жазатайым оқиғалардың туындауын және материалдық зиянның келтірілуін болдырмау мақсатында Тойота ашалы тиегіштері үшін арнайы әзірленген. Бұл жүйе тиегіштің 3000-нан астам негізгі функциясын автоматты түрде бақылайды. SAS электрондық бақылаушы, 10 датчик және 3 атқарушы тетік негізінде жасап шығарылған. SAS бақылаушысы датчиктерден деректерді қабылдап, атқарушы тетіктердің біреуін немесе бірнешеуін іске қосу арқылы тиегіштің қауіпті жағдайда екендігін анықтайды. 

Тиеп-түсіру техникасының бүйірлік аударылуын болдырмау

Бүйірлік аударылу тиеп-түсіру техникасының ауырлық ортасының мұндай тиегіштің тұрақтылық аймағынан тыс бүйірге ығысуы кезінде орын алады. Аталған жағдай жоғары жылдамдықпен бұрылу немесе қозғалыс бағытын күрт ауыстыру кезінде жиі туындауы мүмкін. Артқы ось, әдетте, еден бетінің бұдырларына бейімделіп, біркелкі қозғалыс жасайды. Тиегіштің аударылуын болдырмау мақсатында, Тойота компаниясы бұру осін уақытша бұғаттап, тиегішті көлденең тұрақтылықтың жоғары деңгейімен қамтамасыз ететін арнайы тоқтату құрылғысын жасап шығарды.

                                     

" style="text-align:center">Белсенді тұрақтандыру жүйесі қауіпсіздіктің негізгі факторы саналатын бірегей тұрақтылықты қамтамасыз етеді!
" style="text-align:center">

Оператордың болуы жүйесі (OPS)


Оператордың болуы жүйесі (OPS) оператор машинада отырмаған жағдайда тиегіштің кенет қозғалуы мен ашалардың жылжуын болдырмауға көмектеседі. Аталған жүйені Тойота компаниясы оператордың және тиегіштің әрекет ету аумағында орналасқан адамдардың жоғары қауіпсіздік деңгейін қамтамасыз ету мақсатында жасап шығарған. Арнайы OPS датчигінің көмегімен оператордың орындыққа отыруы анықталады. Оператор орындықта болған кезде датчик қосылады. Оператор орындықтан тұрған жағдайда датчик өшіріледі. Датчик өшірілген мезетте ашаларды түсіру, тиегішті жылжыту және мачтаны көлбеулету функциялары бұғатталады. OPS жүйесін өшіру үшін оператор орындыққа оралып, орындық датчигін тағы бір рет іске қосуы, бұдан кейін ашаларды жылжыту және түсіру үшін оларды басқару және бағыттау рычагтарын нейтрал қалыпқа жылжытуы қажет.