Тойота тиегіштерін жасап шығару зауыты

Тойота тиегіштерін жасап шығару зауыты

Біздің қойма техникасы мен тиегіш техниканы жасап шығаруға мамандандырылған зауыттарымыз:


Такахама зауыты (Жапония)

Тойота таңбалы көтергіш-көлік жабдықтары Жапониядағы Такахама зауытында жасап шығарылады және ISO9001, ISO14001 стандарттары бойынша сертификатталады. Зауыт 1970 жылы құрылған.
Такахама – әлемдегі өндірістік қуаты ең жоғары саналатын, көтергіш-көлік жабдықтарын жасап шығаруға мамандандырылған жетілдірілген зауыт. Зауыттың аумағы 374 000 шаршы м, өндірістік қуаты 100 000 бірлікті құрайды. Зауыт тиегіштерді және жүк шанақты бірқатар өзге өнеркәсіптік машиналарды жасап шығарады. Техника өндірісінде ең білікті жұмысшылар басқаратын ең жетілдірілген жабдықтар қолданылады. 
Күн сайын TPS (Toyota Production System) базасында әрекет ететін зауытта арнайы бекітілген икемді, мұнымен қоса қатал басқару негізінде әрбір елдің климат және қоршаған орта, қызмет көрсету жағдайларына бейімделген тиегіштер жасап шығарылады.


Мьёлбидегі зауыт (Швеция)
ВТ сауда таңбасындағы қойма техникасы Мьёлбибегі ВТ швед зауытында жасап шығарылады. ВТ зауыты сондай-ақ мамандандырылған қойма техникасы – қол арбалар, паллеталарды тасымалдаушылар (электр арбалар), қаттауыштар мен ричтрак өндірісі бойынша әлемдегі ең ірі зауыттардың бірі саналады. Зауыт 1968 жылы ашылған, оның ауданы 76000 шаршы м құрайды. Зауытта шығарылатын барлық техника ISO14001 стандарттары бойынша сертификатталған. 
Зауытта электр техника, қол арбалар және қосалқы бөлшектер бойынша үш негізгі бөлім жұмыс істейді. Бұған қоса, мамандандырылған орталықта клиенттердің жеке талаптарына жауап беретін, спецификациялары стандарт емес модельдер шығарылады.