Тұрған күйі басқарылатын

Ричтрак - тұрған күйі басқарылатын

Тұрған күйі басқарылатын Тойота 7FBR ричтрактары (биік қаттауыштар) ричтрактары айнымалы тоқ қуатын қолданудың, сондай-ақ өзге технологиялық ерекшеліктерінің арқасында бірқалыпты басқарылады. 
Тарту күшін реттеу жүйесі қаттауыштың орнынан жылжуы кезінде дөңгелектердің тайғанауын кемітуге мүмкіндік береді. 
Тежеу жүйесін компьютермен басқару тежеу жолын кемітіп, артқы дөңгелектердің сырғуын азайтады.
Тойота ричтрактарының жүк көтергіштігі 3000 кг дейін, максималды көтеру биіктігі 7000 мм дейін жетеді.

Спецификациялар

Модель Жүк көтергіштігі, кг Бұрылу радиусы (сыртқы), мм  
8FBR10 1000 1340 Құнын білу
8FBR13 1250 1490 Құнын білу
8FBR15 1500 1580 Құнын білу
8FBR18 1800 1730 Құнын білу
8FBR(S)20 2000 1750 Құнын білу
8FBR(S)25 2500 1950 Құнын білу
8FBR30 3000 2000 Құнын білу
1

Стандарт  көтерілу биіктігі – 3000 мм. Сондай-ақ көтеру биіктігі 3000-нан 6000 мм дейін жететін мачталармен жабдықталған комплектациясы қарастырылған.

Тойота 7FBR ричтрактарының (биік қаттауыштар) келесідей артықшылықтары бар:
  • Ілінісу мен тежеуді инновациялық басқару тетіктерінің арқасында, тар алаңдарда немесе дымқыл жол беттерінде жоғары маневр деңгейінің қамтамасыз етілуі; 
  • Бұрылу және қозғалу кезінде орнықтылықтың асқан деңгейі (SAS баламасын қолдану);
  • Оператор үшін асқан жайлылық пен тиімді басқарудың қамтамасыз етілуі;
  • Қозғалу жылдамдығының әртүрлі режимін таңдау және қуат үнемдеу мүмкіндігі; 
  • Қалпына келтіру жүйелерінің үш түрі (басқыштың босатылуы кезінде, бағытты өзгерту кезінде, тежеу жағдайында) қарастырылған;
  • Минималды күш түсіру кезінде максималды айналу жеңілдігін қамтамасыз ететін кіріктірілген электрондық күшпен басқару жүйесінің (Electronic Power Steering) болуы.

  • Көпфункциялы рычаг (меңгерік дөңгелегі мен рычагтарды алмастырады, артық қозғалысты, жүк операцияларын, дыбыс сигналы мен күймешенің бүйірлік жылжуын басқарады);
  • Төменгі температуралы немесе салқындатылған үй-жайларда қолдануға арналған модельдер; 
  • Лазерлі сызық (мачта мен жүкті көрсетілген биіктікке мейлінше дәл бағыттауға арналған);
  • Артқы резеңке бампер (тар өтпелерде қаттауыштарды қорғауға арналған); 
  • Оператордың бүйір қорғанысы;
  • Диодты негізгі жарық;
  • Дисплейлі жүк көтергіштікті өлшеу құралы; 
  • Қорғаныстық қоршау торы.